Эссе және өлең-жыр байқауы

Көк туым, желбіресін тек биікте.

Көк туым, желбіресін тек биікте.

Бағасы жоқ, ешбір байлық жетпейтін,
Жүрегімде бір алау бар өшпейтін.
Қазағымның бостандығы , бұл - алау,
Өшпек түгіл есімнен де кетпейтін.

Қазақ болып, туғаныма мақтанамын,
Мақтанамын әрқашан бақ табамын.
Алып берді, сұңқарлар, жанын қиып,
Тек қалаймын, бейбіт өмір сақталғанын.

Қазағымның жайнасын өр ғұмыры,
Өркендесін, тәуелсіз боп, әр өңірі.
25 жыл толыпты, бүгін, міне,
Шексіз болып жалғассын, гүл ғұмыры.

Жаным сүйер, еркін өмір бостандығын,
Ешбір адам жасамайды қастандығын.
Жасыл елім, қазағым, дархан далам,
Мәңгі жаса, ешкімнен жасқанбағын!

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын,
Тағы жылдар елімізге құт боп қонсын.
Халқымыздың қуанышы ұзақ болып,
Бейбіт болсын күніміз, аман болсын.

Гүлденіп, өркендесін, Қазақстан!
Озат болсын, елдерден қатар ұшқан.
Қазағымның тірегі - Елбасымыз,
Алып шығар аренаға сан жарыстан!

Көк туымның мәртебесі самғай берсін,
Тәуелсіз ел символын сақтай берсін.
Көк бөрілі, қазағым, аман болып,
Жас өркендер үмітті ақтай берсін!


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...