Өлең-жыр байқауы

Махаббат шығар

Өзіңді сүю-талайым, тағдырым шығар,
Кез болып саған, көктемім, қалдым ынтызар.
Махаббат десек-
Сағыныш самалын ескен,
Көкірегімді кернеген сол бір үн шығар.

Сағына бердім өзіңмен күндерді өткен,
Бұл күйге білсең түскенмін, асылым, көптен.
Тауысып майын көзімнің,күрсініп, талып
Тағы тілдестім суретпен тозығы жеткен.

Көзіңе қарап көңілім тыншығандай ма?..
Жанымды тілсіз, тұл бейнең шымшығандай да.
Махаббат болса-
Азап пен толассыз мұңым,
Сейілтер сен боп қайғымды жүрші маңдайда!



Басқа да өлеңдері

Суретке қарап

  • 0
  • 1

Суретке қарап... Өткенді көрдім, өмірді,
Өткен күндерден өңкей бір елес төгілді.
Ана бір сурет-балалық шағым, балғын-ақ,
Жымия қарап, күйзелтіп өтті көңілді.

Толық

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз