Өлең, жыр, ақындар

Іздеме мені

Іздеме мені іздеме!!

Іздеме мені көктен де,
Қарама артқа,өткенге,
Оралмас қайтып бұл көктем,
Жасыңды көл ғып төксең де,

Іздеме мені жаңбырдан,
Хабарда күтпе жазыңнан,
Қайтесің мына тағдырға,
Маңдайға солай жазылған,

Таудан да мені іздеме,
Таппайсың қоңыр күзден де,
Жапырақ басып орманды,
Біз жүрген қалмас ізден де,

Іздеме мені ақ қардан,
Жауса да төніп аспаннан,
Қыстан да үміт үзгейсің,
Сезімде суып тапталған,

Жолымды тоспа үмітпен,
Қаншама айлар,күн өткен,
Ұмытшы бәрін ұмытшы,
Арылшы мұң мен күйіктен,

Сезімдер жанған басылар,
Уақыт бәрін жасырар,
Бақытты күндер оралып,
Алдыңнан шуақ шашылар,

Іздеме мені іздеме,
Жазда да ,қыста,күзде де,
Қосылмай кеткен ғашықтар,
Тағдыры жазған бізге де,

Қ.М.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз