Өлең, жыр, ақындар

Туған жер - алтын бесік

Туған жер - алтын бесік

Ей, туған жер, сенесің бе, сен маған?!
Аспаны ашық, тауы биік, кең далам.
Көкіректі бір алып күш кернейді,
Құшағыңды ашта , кәне, кел маған!

Сенің тауың, жасыл желек көктемің,
Төскейіңде өсіп жүріп, көктедім.
Асқар белің, шалқар көлің әдемі,
Ашылмаған сырың әлі көп сенің.

Қараймында тамсанамын, ойланам,
Кереметің көп салады ой маған.
Сол кездерде ашылмаған сырыңды,
Шумақтарға шумақ жалғап, толғанам.

Аша алмаспын мен,сірә да, сырыңды,
Біле алмаспын, қырық түрлі қырыңды.
Әсемдігі табиғаттың ғажайып,
Саған арнап,толғамақпын жырымды.



Пікірлер (2)

Аяжан

Өте керемет

Мұратжан Самал Октябрьқызы

Маған туған жер тақырыбында өлең шығарып бересіз бе

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз