Өлең, жыр, ақындар

Дала қоңырауы

Дала қоңырауы

Ұлы дана мен үшін болған дара,
Мойындады бүкіл ел, жаһан дала.
"Алғашқы ұстаз" деп білеміз, Ыбырайды,
Алғыс айтар әрбір жас, әрбір бала.

Есте қалған, ерен ұстаз қоңырауы даланың,
Отын жаққан әр жүректе "білім" деген алаудың.
Ақтап жатыр, әрбір шәкірт естен кетпес еңбегін,
Көтеруде биіктерге білімдінің жалауын.

Сіз ашқан болашақтың түлегімін,
Жанарымда "сіз" десе, күледі күн.
Үлгі тұтам, мен сізді ұлы ұстазым,
Орын тепкен төрінен жүрегімнің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз