Эссе және өлең-жыр байқауы

Ұстаз

Білім жолын бастадым ұстазбенен,
Қасиетті, киелі ұғым «ұстаз» деген.
Жүрегімнен ойып тұрып, орын алар,
Басымды иемін, ұстазға алғыспенен.

Оқытып, махаббатпен тәлім берген,
Көрсетіп, дара жолды зерделеген.
Естен шығып, кетпесін ешқашан да,
Танып - біліп, үйрендің тәлімгерден.

Үйреткен ілім - ғылым адамзатқа,
Әлемде неше түрлі ғаламат бар.
Соның бірі, «ұстаз» - десе келісемін,
Бас иіп, тағзым етер азаматтар!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Руфина Турсункулова

Өте жақсы өлең неткен тамаша өлең еді

Айша

Мен ұстаздар туралы тақпақ іздеп едім сізге рахмет мен осы тақпақты жаттаймын

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...