Эссе және өлең-жыр байқауы

Соңғы қоңырау.

Соңғы қоңырау.
Уақыт деген жылжиды екен қас - қағым,
Жүрегімде жыр жырлайды асқақ үн.
Түлек болып, қалыппыз ғой бұл күнде,
Бағындырар, асқақтардың асқағын.

Жүректерді, жүрегімен тербеткен,
Тәлім берген өнегелі еңбекпен.
Ұстаздармен барамыз ғой қоштасып,
Болашаққа білімменен серметкен.

Енді міне, қоштасамыз алтын ұя мектеппен,
Өтіп еді, қуанышты күзімізде, қыс, көктем.
Тебінерер әрбір ұстаз, әрбір түлек бұл сәтте,
Қимастықпен, қоштасуда кеп жеткен.

Ұшсақта, бағындырып белестерді,
Бұл сәттер кері қайтып, келмес енді.
Жүректе, қимастық бар басылмайтын,
Бізбенен үлкен әлем жүздеседі.

Мұғалімнің гүлге толар құшағы,
Ал, біздерді бөлек өмір құшады.
Мүлде бөлек, ол өмірдің екпіні,
Сол өмірдің, күтіп тұр ғой ұшағы.

Енді бөтен, бізге мектеп алаңы,
Өмір бізге, жаңа жолдар салады.
Бала шақтан, болашаққа жеткізген,
Мектеп менің, мәңгі есімде қалады.
Бақыт пенен гүлге толы омырау,
Жанарлары тұр ғой жасқа толып - ау,
Жүрегіміз, қимастықпен соғады,
Сылдырлайды, бүгін соңғы қоңырау.




Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...