Өлең, жыр, ақындар

ӨМІР - СЕН ДАУЫЛСЫҢ, ДАМЫЛДАМАС.

ӨМІР - СЕН ДАУЫЛСЫҢ, ДАМЫЛДАМАС.
І.
Өмір - сен дауылсың, дамылдамас,
Дамылдамас бір сәтте.
Өмір тоқта! Асықпағын,
Аялдашы, бір сәтке.
Кеше еді күз, ал бүгін жаз,
Ойнайсың ба, ермекке?
Пенде деген дүниеге,
Қуанышқа келмеп пе?
ІІ.
Асығасың, зу - зу етіп,
Асығасың, қай жаққа?
Келдім кеше дүниеге,
Бітуіне аз қап па?
Лимит қойып, қойыппед?
Таусылуға, таяп па?
Сағаттай ма өмірім?
Байланысты таяққа.
ІІІ.
Құйын желдей ұшасың,
Дым аңғармай жарысым.
Уақыт дейтін тажалмен,
Жарыса жата алысам.
Бетке аяусыз із салар,
Өмір дейтін данышпан.
Тілім - тілім қатпары,
Уақытта ат салысқан!

Ақын деген айнасы, ол шындықтың,
Өлеңімен бетін ашар сұмдықтың:
Әр сөзімен терең ой салар.
Өмір - сен дауылсың! Сұмдықсың!
Өмір - сен дауылы сұмдықтың!
Өмір - әміршісі адалдық пен қулықтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз