Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

ӘКЕМЕ

ӘКЕМЕ

Асқарым бар, өте биік "әке" деген,
Кеше ғана, бала едім әкелеген.
Үлгі тұтар тұлғаң кім? - деп сұраса,
Ойланбастан, сол сәтте, "әке" дер ем.

"Әке" деген, көк аспан ғой сабырлы,
Сол мінезбен көркем, әрі қадірлі.
"Әке" деген, биік тұрар бәрінен,
Бұл шындықты мойындайды барлығы.

Адалдық пен сыйластыққа үйреткен,
Сыйлап өтер, әрбір пенде, жан біткен.
Биік пенен асқарларға жетелеп,
"Озса" - деді, не бір мықты жүйріктен.

Көз саламын, көздеріңе тұңғиық,
Жан екенсің, ойлағаннан тым биік.
Үлгі аламын, бір өзіңнен, әкешім,
Алғыс айтам, бір өзіңе бас иіп.

Жүрегімен, жүрегіме тым жақын екен,
Бай екен ғой, болмысы, алтын неткен,
Балалықпен көңіліңе қаяу салсам,
Айып етпе, балалық қой есі кеткен.



Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Сарсен Аяжан

Тамашаа!

Алтын

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...