Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Мені ұмыт

Жадыңнан жой, ұмытқын енді мені,
Есіңе алма, ешқашан, жоқпын енді.
Іздеуге де тырыспа, ойлама да,
Тірі емеспін, сен үшін, өлгем тегі.

Қанша қинал, бәрібір шыдамды бол,
Өмір - сынақ, сынап жатыр,қинайды ол.
Әлсіз жерің мен емес, сүріндірер,
Ұмытып, кете барсаң, бақытың сол.

Армандар орындалар, мақсатың айқын болса,
Қажеті жоқ нәрсеге қолды созба.
Мен емес, сен қалаған қажеттілік,
Мен үшін тым қиналма, ешбір тозба!

Мен кетермін, өзгенің сағымындай,
Мен кетермін, жоқ болып, сағынып ай.
Бақытты, қыла алмасам, айып етпе,
Бір өзіңе тапсырам, сақта, құдай.

Іздеме, сұрама да, мені ешкімнен,
Ақ парақпын, сен үшін, тым ескірген.
Парақ болып, ескіріп, кете барам,
Есейдің ғой, жігітсің, есі кірген.

Тым алыста өзіңнен, қашықтамын,
Жақын болып қалсам да, қашық жаным,
Енді мені, елеме, тым аулақ бол,
Жүрегіммен, мен сенен алыстамын.

Қайғырма, еш мұңайма, күлімдегін,
Күлкіңді көрген сәтте, күлімдедім.
Сол күлкі, сәуле силап, жүрегіме,
Сол сәтте қалып қойған, күлкім менің.


Жанарыңнан аққан жас әлі есімде,
Әлі есімде, сен соған сенесің бе?!
Мүмкін, жүрек әмірі қарсы өмірге,
Ал, өмірге қарсы сен келесің бе?!

Ұмытшы, қинамашы өзіңді де,
Мен үшін, жасқа малдың көзіңді де.
Қанша сөз, қанша серт болса дағы,
Мән бер ме, естен шығар сезімді де.

Сау бол енді, бұл соңы бәрінің де,
Үтір қойып, келеміз әлі күнге.
Ал, тыныстап, ойымды аяқтасам,
Нүктеменен бітеді мәтінің де.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...