Өлең, жыр, ақындар

Парыз

Тілім менің бар қазынам, байлығым,
Баға жетпес мәңгі бақи айбыным,
Қастерлеген барша жұртың, қазағың,
Мәрмәр тілім, туған тілім - айдыным.

Өткір тіл, өзекті ой дара тілім.
Ата-бабам пір тұтқан дана тілім.
Сүйіп өтіп ана тілін бабамның,
Қастерлейік алашымның даралығын.

Сығындысы, лүпілі де жүректің,
Туған тілім, айбынысың білектің.
Қор қылмаймын өзгелердей өзімді,
Құдіретін білмей өткен тілінің.

Жүрегімді қайнатады от үрлей,
Тіл парызы неге жатыр өтелмей.
Тілеккенұр, жүрекке жыр сыйлаған
Ел болмаспыз тілімізді көтермей.

Тілімізді сақтайықшы жоғалтпай,
Жүректегі ұлы парыз болаттай.
Ата-бабам ар-намысын сақтаған,
Сөзбен жеңген, дұшпанына оқ атпай.

Мақсатым бар тіл дегенде көздеген,
Әділет пе бұл шындықты сезбеген?!
Жыл өрнегі,сөз маржанын халқымның,
Асқақтатам мәртебесін өзгеден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз