Өлеңдер бөлімі

Тіл тағдыры

Шет елге асып асып барасың,
Тізгініңді тежемей...
Айналаңа қарашы,
Айдалаға жөнелмей!
Орысшалап сөйлейсің,
Өз тіліңді елемей!
Қайран ана тіліне
Бола қалдың неге өгей!!
Ел бар жерде тіл болар,
Жоғалтқан тілін құл болар.
Ел тағдырын кім ойлар ?!
Тіл тағдырын демемей!!!
Дін менен тілсіз ел халық
Қайранда қалған кемедей!
Қазақтың тілі қазыналы,
Сияқты теңіз телегей!
Өз тіліңнен жиренсең
Ата-баба аруағы
Жүрмесін сені жебемей!!
Ана тіл қалса шалғайда ,
Болашаққа жол қайда?!
Тілден жұрдай болғаны
Ұлтқа ұят болмайма?!!
Орыс тілі сəнді тіл ,
Ағылшын да нəрлі тіл,
Қазақ тілі əлемде
Ең əуезді,сазды тіл!!!
Қазақсың ба?!
Сойле таза қазақша!!
Тілім менен тарихымды
Айналдырма мазаққа?!!


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (3)

missnice

Тіл тағдырының дəл қазіргі жағдайы қалай деп ойлайсыздар?...

Айнұр

Құл болған тілін жоғалтар....

Тапаш

Өте жаксы саит екен

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...