Өлең, жыр, ақындар

Басшыларға...

Ишарат сөз айтылған бұл басшыларға,
Басшы татпас тұщы мен ащы барма?
Көптің жүгін көтерер елбасылар,
Белдерден қиын-қыстау бассын алға..

Кейіптеу сөз бұл айтылған басшыларға,
Жомарттықты басшыға жазсын Алла!
Жетім менен жесірдің қамын ойлап,
Аш-арыққа назарын салсын алда .

Ұлакатты сөз бұл айтылған басшыларға,
Жақсыларға əділдік тəн шығар-ды, ə.
Әділдікті азғындыққа сатқандарды,
Ібіліс құл етер ,-дер жан шығарда.

Қисынды сөз айтылған бұл басшыларға,
Жақсы істі басшылар алсын қолға .
Бастаған іс аяқсыз тасталмасын,
Еңбегінің өнімі болсын алда !!

Арнау сөз айтылған бұл басшыларға,
Басшы жайлы айтылмаған аз шығарма .
Ел дəулетін тасытып ер атанған ,
Басшылардың абыройы артсыналда!!

Меңзеу сөз айтылған бұл басшыларға,
Түсінбейтін меңзеуге аз шығар -ды ,ə?!
Ымменен дымды білмес басшылардың,
Бүйрегі без, жүрегі тас шығар-ды, ə?!.....





Пікірлер (1)

missnice

Басшыларға ишарат -сөз... 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз