Өлең, жыр, ақындар

Қалам ұста

Күншіл емес сыншылсың өнерге сен,
Сынсыз менде өнерде көгермес ем.
Ақылшымда мақұлшым өзің досым,
Сенсіз менің кеңелмес өлеңге еңсем.

Ақындар көп білемін сап құрғандай,
Маңдайында қазақтың бақ тұрғандай.
Сұңқар емес тұлпарын ақын бабам,
Болашаққа жүгенсіз шаптырғандай.

Сен де соның бірісің мына маған,
Қалғаның жоқ өнерден құр алақан.
Ақын деген сыншылдың сыбызғысы,
Ақын емес сындарға шыдамаған.

Ақын емес өлеңге құштар жаным,
Қиялымда қалықтап ұшты арманым.
Іші тарлар кесседе қанатымды,
Сен көтерген биіктен қысқармадым.

Оқырманым аз менің жырым жетім,
Бұрылып тұр сен жаққа бүгін бетім.
Іштарлықпен қараған өнеріме,
Адамдарға жоқ бөгет сүрінетін.

Жүрексіз жан емеспін сезім өлген,
Сезімі өлген адамның көзін көргем.
Бір жарқ етер күнімді күтіп жүрмін,
Тәңір маған таусылмас төзім берген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз