Өлең, жыр, ақындар

Төбелес

Төбелес)

Біздің елде батыр жандар жоқ емес,
Ал көрініп жүргендері көп емес.
Әр қайсысы сыналып жүр көше де,
Кафелердің әр жерінде төбелес.

Атаманы болған екен бір көштің.
Айтуына қарап қалмай жыр қостым.
Сөкпеңіздер мен шамамша жазайын,
Не көргенін, мен айтайын, бір достың.

Атылыпты шылым бар ма деп біреу,
Ойларында болды дейді тепкілеу.
Болмасам да, ірі, дене еттілеу,
Төбелеске болған едім ептілеу.

Ол құтырды ірі досы келген де,
Ағаш алды мені ұруға жерден де.
Қорқақтардай қаша бердім қарамай,
Олар маған тез жақындай берген де.

Аядым ғой ұрайыншы десем мен,
Бірінші рет қаштым солай көшемнен.
Жете алмай қалғаннан соң артымнан,
Қатты айқайлап боқтады олар шешемнен.

Шыдамаймын үй ішімнің ары үшін,
Тез өртенді іштей менің намысым.
Бардымдағы ұрып жықтым біреуін,
Қиындады шынымен де хәлі шын.

Бәрін бастап келген досы қашты оның,
Досын көріп ашу қысып қашты өңім.
Өзім үшін емес еді, досы үшін,
Соза алмай кеткені үшін рас қолын.

Жан болмай ма, қасқыр жүрек, есі бар,
Бірақ оны өзі ойланып кеш ұғар.
Ол досымен бірге бола алмаса,
Төбелеске ертіп келіп несі бар ?.

Бұл өмірдің түсінбедім сыйы не ?
Мекен жәйді бердім оған күйіне.
Достарымен келе ме деп ойласам,
Полициямен кіріп келді үйі ме.

Жүз мың теңге, жұлып кетті қалтамнан,
Жыйғанып ед ,тілеп жүріп әр таңнан.
Бұның не ? деп, қарным ашты оларға,
Арылсыншы бұндай тірлік талтаңнан.

Өзгеруі жанға батты Қазақтың,
Үйірі ме ? сайқы менен мазақтың.
Бұрындары ұстатпайтын бір-бірін,
Көрсе дағы қаншамасын азаптың.

Айырылсам да мен қаншама есемнен,
Бір шәй таппай қалсамдағы кесемнен.
Құр кедейге айналсамда өмірде,
Мен боқтатып қоя алмаймын шешемнен....



Пікірлер (2)

ғажайып

Оте керемет жазылған

Дастан

Көз алдыма елестейді, мықты жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз