Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Оян, алға!

Байқалмай-ақ қимылы тірі адамға,
Сырғиды сағаттар да, жұмалар да.
Ешкімді де күтпейтін өмір-өзен
Жылжымай бір арнада тұра алар ма?!

Сəл ғана қиындықтан қашқан жаның
Қалай баспақ сəттілік баспалдағын?!
Өз орныңды өмірден тез таппасаң,
Сағым болар жастығың шашқан жалын.

Келешектің көшіне ілескенде
Өзің үшін өзіңсің - күрескер де!
Оян,алға! Биікке ұмтылатын
Қайсар да қайтпайтұғын жүрек сенде!

Қорықпа қиындықтың нөсерінен,
Сен жайлы өзгелердің өсегінен.
Тек қана басқалардан артық болма,
Бүгін артық бола біл кешегіден!

Сөзім өткір болса да,сен төресің,
Əлі де сен уақытқа еркелерсің.
Сол дəуренің сарқылса, өзегіңді
Орны толмас өкініш өртемесін!

Армандардың шек қойма өлшеміне,
Талпынысың зор болсын, еңселі де.
Арманыңмен ұштасқан мақсаттарың
Айналсын өміріңнің бөлшегіне!

Арманыңа өзіңсің - жанашырың,
Аялай біл көздейін қарашығын.
Осылайша бағындыр адамдықтың
Жеңістермен астасқан дара шыңын!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (7)

Айым

Сайысқа жіберілген болса oyan18 деген ілмек қойылуы керек

akontursunbai

heart

Гүлім ✨

Жарайсың!

nurbalaserick004

Жарайсың!Тек алға! Елімізде өзіңдей жастар көп болсын. Шығармашылығың дами берсін. Алар асуларың көп болсын. Мен сені қолдаймын.

damirzhaparov

Жарайсың! Жүлдегді алдын ба? 

damirzhaparov

Маған əлі келмеді

 

Әсем

Bbalabekovaa_001, өлең керемет! damirzhaparov, Келмесе почтаға жазсай.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...