Өлең, жыр, ақындар

Тəуелсіздік - тарихы мол тұғырым

Тəуелсіздік-тарихы мол тұғырым,
Білемісің "Тəуелсіздік" ұғымын?
Жету үшін бейбіт, азат заманға
Қанша азамат қиды өзінің ғұмырын.
Төтеп беріп, езгіге де, таяққа,
Ел намысын таптатпасқа аяққа
Ұлы алаңда ұрандатып шарқ ұрған,
Жалынды жас шыбын жанын аяппа?
Міне бүгін Тəуелсіз ел, азатпыз!
Теңдік алған мəртебелі ҚАЗАҚПЫЗ!
Айта түссең байлығы мол қазақтың,
Сан ғасырлық тарихымыз,тіліміз,
Атадан қалған салтымыз бен дініміз,
Өлшемі жоқ ұлан байтақ жеріміз,
Өзен көлі, тау мен тасы, бəрі түгел керемет!
Енді жастар, бұдан артық байлық саған не керек?
Ел қолдаған, жол бастаған- Елбасының арқасы,
Елбасы ізгі жолдауы тапты игі жалғасын.
Биік арман белестерге жетелеген халықты,
Президенттің мақсаты мен ұшқыр ойы талмасын.
Мемлекеттік дəрежені иеленді тіліміз
Заң жүйесі Конституция орнықты.
Бой көтерген ел ордасы Астана,
Бас қаламыз сəулеті асқан көрікті!
Жеткен əрбір жетістікті, айта берсең басқасын,
Мұның бəрі кешегі өткен ереуіл жастың арқасы!
Ұмытпаймыз ерліктерін сол қаһарман жандардың,
Мына біздер, бүкіл қоғам, сол жастардың жалғасы.
Салтымызды,дінімізді,тілімізді сақтайық, Еріншектің күнін көріп, босқа қарап жатпайық.
Оқу-білім кенін іздеп, болашаққа көз тастап,
Үміт артқан халқымыздың сенімдерін ақтайық!



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Айым

Ілмектер үтір арқылы жазылады. oyan17 ден кейін үтір қою керек, кері жағдайда қазылар алқасына өлеңдер көрінбейді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз