Өлең, жыр, ақындар

Оян

Оян
Оян, қуанышта шашу шашпайды,
Ерлерің ерлігіне баспайды.
Жүргеніңде жаға жыртып, ағылып,
Иманың басыңнан еш аспайды.
Оян, бүгініңмен өмір сүресің,
Бауырыңмен ырылдасып үресің.
Жүрсең сен осылай қазағым,
Бітпес өзгелермен күресің.
Оян, қара қытай қаптауда,
Құлдығына қазақтарды баптауда.
Тек қазақтар бірін-бірі түрткілеп,
Ғұрпымызды аяқ-асты таптауда.
Оян, көзіңді аш бойлама,
Жаназаңды дүбірлете тойлама.
Қазақ қызы қарындасым дей тұра,
Зинақорлық жасауыңды ойлама!
Оян, қыздарың қырық үйден тыйылмай,
Бірге төскейде малың жиылмай.
Қазақ ата жойылып кетсе қайтем,
Ақтығың тостығыңа құйылмай.
Оян, дүйім жұрттың болдың әсте мазағы,
Аз ба еді, көрген қазақ азабы?
Өзге ұлтқа опасыз қиған қызын,
Өзіміздің қара домалақ қазағы.
Оян, тар заман тығырықтай теңселді,
Сайлап алғын «Қазақ» деген кеңсеңді.
Буыны тік бабалардың рухына,
Тағзым етіп, көтер, қане, еңсеңді.

Ешкімқұл Аяулым



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз