Эссе және өлең-жыр байқауы

Ғашықпын ба?!

Ғашықпын ба?

Сенбеп едім, бұл сезімнің барына,
Күмәнменен қараудамын тағы да.
Бар ма өзі, жоқ па, әлде расымен,
Арбап алып, әкелді ме алдына.

Ғашықпын ба, қызығам ба, әлде мен?
Жүрегіме үн береді, әлде не?
Не екенін, өзім білмей, дал болам...
Тұрып алған көз алдыма, көлденең.

Кетер емес, көз алдымнан сұлбасы,
Кетті ме екен, жүрегімді мұң басып.
Жұмбақ болып, жүрегімде тұр әлі,
Қолын маған соза ма екен, созбасын?
















Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...