Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік тіл

Мәңгілік тіл
Мен қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Ұмтылмаймын өзге тілге, мән беріп,
Қазағымның дана тілі тұрғанда
Ұнамайды әуенді тіл шетелдік!

Мейлі, мейлі, өзге тілдер әдемі,
Кім біледі, біздің тіл де қастерлі,
Өз анамның туған тілі тұрғанда
Керегі жоқ алпыс тілі әлемнің.

Осы тілмен анам мені тербеткен,
Әсем үнмен жанды баурап, бөлеген,
Сыңғыр-сыңғыр күлкісімен ерітіп
Мәпелетіп, әлпештеген, өсірген.

Асқар тауым - әкем сөйлейді бұл тілде,
Ақыл айтады қиналғанда мен күнде,
Жүрегіме көңілімен дем беріп
Күш-қуатпен бөліседі ертеңіме.

Қазақ тілі - анамның тілі, мәпелеген,
Қазақ тілі - әкемнің тілі, еркелеткен,
Қазақ тілі - менің тілім, мен өскен,
Қазақ тілі - менің тілім, мен сүйген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз