Өлең-жыр байқауы

Жүрекпен сырласу

  • admin
  • 04.02.2019
  • 0
  • 0
  • 180
Дейді маған дәрігерім, қозғалма,
Бірақ ақын ойланбайтын, кез бар ма.
Ақ палата ішіндегі тірлікпен,
Тағы да бір қимас күнім озды алға.
Үзе көрме, о адамдар, сөз жалға,
Үміт шіркін саусақтарын созды алға.
Әлсіз дыбыс естіледі жаңғырып,
Жүйке шіркін шыныменен тозған ба.
Жан құлазып, ыстық қаным дір еткен,
Шақтарым–ау, аяулы бір сыр өпкен.
Дәрігердің тыңдаймын да айтқанын,
Оңашада сырласамын жүрекпен.
Сонда жүрек өрекпімей баяулап,
Сонда жүрек саябырлап, жаяулап,
Жуасиды аяғандай ақынын,
Қайран өмір қандай ыстық, аяулы–ақ.
Кейде жүрек тым беймаза шанышқақ,
Өр кеудемді тастайтындай жаныштап,
Сол бір сәтте шексіз өмір жиегі
Көз алдымнан жүре берер алыстап.
Қажыдың ба, қайран менің тентегім,
Неге мұнша азаптадың, өртедің.
Талайларды қақтырмайтын шаужайға,
Өзің дағы тым тәкаппар, ерке едің.
Кейде сен бір тереңдегі асылдай,
Кейде сен бір шатырлаған жасындай.
Кейде сен бір толғанушы ең ғасырдай,
Қасыңнан да бар сырыңды жасырмай.

Басқа да өлеңдері

Тентегің ем

  • 0
  • 0

Әркімге
Тағдыр түрлі сый арнады,
Көңілімді жұмбақтау сыр арбады.
Бір бастаудың көзі едік мөлдіреген,

Толық

Орамал

  • 0
  • 0

Есімде көкшіл орамал,
Есімде күнің сыйлаған.
Жақсылыққа жорамал,
Басқаға оны қимаған.

Толық

Мұңданба

  • 0
  • 0

Айтшы ақыным,не ұтасың,
Сағың сонша сынғанда.
Жұртың сыйлар барда атың,
Жабырқама,

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз