Өлең, жыр, ақындар

Батыр қыз болғым келеді

Батыр қыз болғым келеді.

Болмысым бар ұқсамайтын басқаға,
Тік мінезді адам болдым баршаға.
Қыз болсам да қызықпаймын неліктен?
Алтын-жақұт,әшекей мен ақшаға.

Ұнамайды қылтың-сылтың әдеттер,
Жаман қылық,тәртіпсіздік әдептер.
Әйел жанды ер адамды көргенде
Ұялғаннан шығады екен қара тер.

Еліктемейм(-ін) сырттан қарап шетелге,
Өз ойыммен санасқаным бекер ме?
Қызық қуып,бос әңгіме жинасам,
Әр сағатым артта қалып кетер ме?

Мейлі мені күтсін талай кедергі,
Мына өзіме дәл осы ғой керегі,
Қос жұлдыздар Әлия мен Мәншүктей
Батыр қыз болғым келеді.



Пікірлер (1)

Амиров марат

Өте тамаша сөз жоқ @@@

Пікір қалдырыңыз

Ұнатамын

  • 1
  • 0

Ұнатамын біреуді, тұрағы жоқ.
Қиялыммен қалықтап құрағы боп.
Бейне көрем белгісіз күндіз-түні,
Түсімде жүр жүрегімнің сыңары боп.

Толық

Қарап көріңіз