Өлең, жыр, ақындар

Бейімбет Майлинге (125 жылдығына) арнау

Біздің қазақ бай ғой шіркін ақынға.
Ағартушы,жазушы мен батырға.
Соның бірі Бейімбеті қазақтың,
Аты мәлім барша әлем,жаһанға.

Келді өмірге Қостанайдың төрінде.
Бар естелік бізге мәлім бүгінде.
Жастайынан жетімдікпен күн көріп,
Сыр шертеді бала мұңы үнінде.

Өмірінде көрді талай құлдықты.
Өткеріпті күңдік пенен мұңдықты.
Алайда ешбір берілмеді сынаққа,
Әжесімен жұбанушы ед ол тіпті.

Солай өсіп Бимағамбет ер болды.
Бір халықтың тағдырына нұр болды.
Шұғаның белгісімен басталған.
Қалың елдің жүрегіне кеп қонды.

Енді дәйім ұмытылмас көктемі.
Еңбегімен әдебиеттің беттері.
Сауатсыздық жою болса ұраны,
Орындалды бүгін міне тілектері.

Оның сірә,еңбектері ғажап та.
Әр жолында жігерменен,қайратта.
Елдің қамын ойлап өткен Бейімбет
Дара екен мына біздей қазақта.



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Аружан

Керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз