Өлең-жыр байқауы

Әкешім

Қол бұлғап көрінген
Жеті онның төріне
Жетіпсің ғой, әкешім.
Мәз болып марқайып,
Жас келіп, қартайып
Кетіпсің ғой, әкешім.
Еңсеңді түсіре,
Таусыла күрсіне,
Ортаймашы, әкешім.
Сырқатқа бой беріп,
Боп жүрме боркемік.
Жантаймашы, әкешім.
Тәлімі тұңғиық,
Тұлғасың тым биік.
Аспанымсың, әкешім.
Болсаң да егде,
Қайталанбас пенде –
Асқарымсың, әкешім.
Жүрмісің ойланып,
Ауылда қой бағып,
Жаның тынбай, әкешім?
Мұң торлап жүзіңді,
Еркетай қызыңды
Сағындың ба-ай, әкешім?

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз