Өлең, жыр, ақындар

Бойы бұлғаң

  • 20.02.2019
  • 0
  • 9
  • 295025
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында
Бір міні жоқ пендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап.
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген,
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтар пенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр,
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма,
Сыпыра жылмаң желбуаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.



Пікірлер (9)

Айзере

Өте керемет пақпақ тар

Азамат

Шынымды айтсам дым түсінбедім, не жейлі айтылып жатыр? Біреу болса түсіндіріп беретін.

Аяжан

Өте кемкт!. Сөздері тербетерлік
, парақша өте жақсы

Марал

dudeontheguitar дың айтатын әннің мәтіні ғой

Алмас

Азамат, айналада өңкей дүниеқоңыз, жылпос, өз қара басын ойлайтын, елді бір біріне айдап салатын жексұрын адамдар туралы айтады .

Ерасыл

Осы Олен кушти екен

Ерасыл

Оте керемет

Ерасыл

Оте керемет

Айдын

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Қор болды жаным

  • 1
  • 3

Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.

Толық

Қансонарда бүркітші шығады аңға

  • 1
  • 7

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Толық

Интернатта оқып жүр

  • 2
  • 19

Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.

Толық

Қарап көріңіз