Өлең, жыр, ақындар

Бір адамға

  • 18.04.2015
  • 2
  • 7
  • 43014
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай - ақ.
Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер жасқанба!» деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.



Пікірлер (7)

kz2015

Керемет

Нұрлан

Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.

Аңсағаным

Жақсы
Бұл оленнин негізгі ойы кандай?

Арай

Аңсағанымға жауап: Ой жоқ ешқандай, жәәәй ерігіп жаза салған ғой!

Садуахас гүлназ

маған сұлтан махмұд торайғыровтың өлеңдері керек

Асел

Арай !Сіз бұл ақынның өмірінің қаншалықты акыр болғанын білесіз бе?
Ол анасынан ерте айырылып,жастай қайтыс болған.
Аңсағаным,бұл өлеңнің мағынасы ақын қазақтарға мектеп ашып,оқытқысы келген.Сөйтіп ақша жинап əр үйге барған.Бірақ бəрі оған байлығын көрсетіп мақтанған.Ал ақын өлеңі арқылы қолы ашық,қысқышы айтқанда адамгершілігі бар адам іздегенін айтқысы келген.

Арсен

Бізге жаттауға бердіғо

Пікір қалдырыңыз

Мысал

  • 1
  • 1

Бір жерде бір бас қосқан жиын, топыр,
Ішінде бір бишара көзі соқыр.
Алдар деп көзі бардың соңына ермей,
Жоқ болған жарға құлап байғұс соқыр.

Толық

Қазақ тілі

  • 2
  • 21

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Толық

Маңайымнан әрмен кет

  • 1
  • 0

Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,

Толық

Қарап көріңіз