Өлең, жыр, ақындар

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

  • 08.03.2019
  • 0
  • 9
  • 52836
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.



Пікірлер (9)

Олжас

Өте керемет

ерке

оте керемет маган унады

Гүлімхан

Маған Абай атаның өлеңдері қатты ұнайды осы кездері беріліп оқып жүрмін десемде болады

назерке

оте тамаша керемет

Маржан

Маған өте қатты ұнады

Көркем

Маған ұнады бірақ тақпақпақ жинақтары түгел емес

Арман

Жақсы, керемет!

Қалыш

Өте керемет

Самира

Мен жатап алдым керемет күшті
Шын сөзбен айтысған

Пікір қалдырыңыз

Қансонарда бүркітші шығады аңға

  • 1
  • 7

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Толық

Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы

  • 0
  • 0

Әр кімнің бір жары бар басы байлы,
Қызылсу Шарға құймай тасымайды.
Жаманға жақсы қолы ұжымақтай,
Әлханжан бері таста насыбайды.

Толық

Жұмбақ

  • 0
  • 0

Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен?
Соны білсең — әрнені білгендерің.

Толық

Қарап көріңіз