Өлең, жыр, ақындар

Мендегі бақыт...

Сезіп келем,
Сезіп жүрмін,
Сеземін...
Бұл жалғанның жылдам өтіп кетерін.
Ә дегеннен атам айтқан ақылды,
Бір ғұмырлық азық қылып өтемін.

Апам айтқан тәтті сөздер есімде,
Әкем айтқан жігер сөздер бертінде,
Жатталыпты, жатталынды санада
Анам айтқан кеңес керек өмірге.

Менде байлық, менде бақыт молынан,
Атам айтқан, келед бәрі қолымнан.
Ата көрдім, анам берген тәрбие
Бойымда тұр, өтем өмір жолынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз