Өлең, жыр, ақындар

Отырам да, қараймын

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 8813
Дүниенің мұңына,
отырам да, қараймын,
Зомбылық езгі, масқара —
Көремін де, санаймын.
Отырмын көріп,
Көрінбес көздердің
селді жастарын,
Еңіреуін естимін,
ары айыпты жастардың,
Өткізген бұзақы ісіне,
өкіне олар бастады.
Сұрқия жағдай байқаймын,
Сұрқия мына өмірде,
Балалары тастаған аналар отыр кебінде,
Аш, жалаңаш, қайыршы,
мойынсұнған өлімге
Әйелдер анау,
Өмірін бүлдіріп біткен байлары,
Әлемет әзәзілдер жүр,
Әбжауһан алу ойлары,
Бәрін де көріп отырмын,
Жанардан бәрі жасырын,
Қасірет жанды көремін,
қызғанған қимас ғашығын,
Адамдардың көремін,
Кесапат, кесел, машығын.
Көремін оба,
озбырлық,
ойран салған қырғынды,
Түрмеге түскен сорлылар,
азаппен азып, қылғынды,
Аштықты көрем кемеден,
Моряктар бір іс қамдады.
Жеребе тартып,
бірісін алдымен жеуге арнады,
Қырылмауы үшін қалғаны.
Шонжарды көрем, менменсіп,
Көкірек кере паңсынған,
Сорлыларды көремін,
айла-шарқы таусылған,
Жұмысшы,
Негр — барлығын,
барлығын көрем жаншылған.
Сан жеткісіз иттікті,
Сарқылмайтын қорлықты,
Отырам да, байқаймын.
Көремін де, естимін,
үн қатудан тайқимын.



Пікірлер (1)

Арайлым

Мұқағали Мақатаевтың Отырам да, қараймын өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Емен көрдім

  • 0
  • 1

Луизианда емен көрдім,
Бұтағынан мүк салбырап,
далада тур серіксіз,
Күңіренткен жапырағы сылдырайды еріксіз.

Толық

Аттанғанда

  • 1
  • 4

Қош!
Деп қанат қағады құстар маған.
Қош!
Деп мені құшақтап, құшқан далам.

Толық

Өтініш

  • 1
  • 5

Ескі көздер бара жатыр азайып,
(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).
Ей, тірілер!
Соларды бір еске алып,

Толық

Қарап көріңіз