Өлең, жыр, ақындар

Қазақ елі

Қалды артта қанша ызғар қаhарлы өткел,
Еліме сала алмаған жат өрнектер.
Ерлігімен елдіктің куәсі ғой,
Кешегі Исатай Маxамбеттер,

Кең жайлау мекен еттік кең даланы,
Төскейде төрт түлік мал айдағаны.
Жау келіп жағамыздан алған кезде,
Қасқайып қарсы тұрған әр қазағы.

Тариxтың көз жүгіртсек өткеніне,
Талай боздақ жазықсыз кетпедіме.
Бес арыс Сәкен,Халел,Бейімбеттер,
Тариxтың сақталады беттерінде.

Жастарға артып үлкен аманатын,
Қазаққа руx берді Мағжан ақын.
Арыстанның айбынын сыйлап кетті,
Келешек жастарына Бабам Хәкім.

Өзгеге өткеніммен мақтанамын,
Бүгінде тәуелсізбін шаттанамын.
Мұқағали,Тұманбай ағалардың,
Жырын оқып,жастайымнан жаттағанмын.

Жаңа өмірмен,жаңа күн есік ашқан,
Қазақтың әр тариxы ғажап дастан.
Не бір зұлмат жылдарды бастан кешіп,
Тәуелсіздік бүгінде есік ашқан.

Биікпін,мәңгілік ел ұрпағымын,
Қияға өрлеп шығар тұлпарымын.
Көк байрағым желбіресе бейбіт күнде,
Ашамын менде осылай жыр сандығын.

Біз неткен бақыттымыз бүгінгі ұрпақ,
Келешекке қараймыз біз таңырқап.
Қасымның Аманжолы айтып кеткен,
Көрпесін жатқан болар қырда қыптап.

Осымен шыр шашуым тәмән болсын,
Еліме Қыдыр келіп аман болсын.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,
Бабам айтқан ел тыныш заман болсын.

Ақниет Сарбасбай
Х.Досмұxамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының студенті



Пікірлер (5)

Алтын

Каламын уштала берсин!

Бекзат

Күшти өлен!

Айару

Өте керемет

Жаңа өзеннен Мұхтар ағаң

Керемет өлең қаламың жүйрік болсын алға

Башаров Кенжебай

Оте жаксы олен тек алга.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер