Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1610
Ғашықпын әманда, ынтықпын
Көңілінің күні бар адамға.
Қыздырса ол әулетін бір жұрттық.
Жылуы жетпей ме маған да.
Сөйлейді ол құдіреттің атынан
Жаңадан бір жұлдыз жағарда.
Айтпайды ол туысқа, жақынға,
Айтады ол, ғасырға, қоғамға.
Өзінің пайғамбар екенін
Білмейді ол, айтпайды адамға.
Тілейді ол жақсылық келгенін
Әмбеге, маған да, саған да.
Қарашы, шашына көз салып,
Қарасын берген ол заманға.
Уақыты жоқ бір минут босанып,
Көзінің шырымын аларға.
Ғашықпын әманда, ынтықпын
Көңілінің күні бар адамға.
Сақтандар кәрінен сұмдықтың,
Керек ол маған да, саған да.
***
Сөзі емес тұрақсыз пасықтың
Мен саған қашаннан асықпын.
Айта алмай келемін жалтақтап,
Көрсетіп мінезін жасықтың.
Сүйіп ем ең алғаш көргенде,
Айта алмай болып ем шерменде.
Қорқушы ем қарауға көзіңе
Дәл жақын қасыңа келгенде.
Ұғар ма, ұқпас па, кім білер,
Ұқпаса сүйгенім түңілер.
Түңілсе түнеріп қалармын,
Жан таппай алдында жүгінер.
Дедім де байладым тілімді,
Айтпадым сүйем деп шынымды.
Қорқушы ем қарауға көзіңе,
Аңғартып алмасқа сырымды.
Айтамын енді мен жасқанбай,
Үміт не алдымнан тосқандай?
Өлер ем өртеніп ішімнен
Қалса егер бұл жырым басталмай.
Сүйіп ем ең алғаш кергенде,
Айта алмай болып ем шерменде,
Айттым мен ақыры бүгін кеп,
Сыймады ұстауға кеудемде.
Өзің біл, бәрі енді еркіңде,
Ойланшы, аз ғана серпіл де.
Ұйғарма тым жеңіл, тым оғаш,
Ұққайсың өзгенің дертін де.
Әркімнің жабық қой арманы,
Жалт етер бір жанып қалғаны,
Үндеме, сыр ашпа, сөкпе тек,
Жалғыз-ақ түсінсең болғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күлкінің туы құламай

  • 0
  • 0

Күлкі де ортақ ұққанға,
Күлкісіз бізге күн қайда.
Күлімдеп адам шыққанда
Жадырап жаның тұрмай ма.

Толық

Кішкене портрет

  • 0
  • 0

Өзгергіш бояу секілді,
Осы бір адам қызық - ақ:
Жап-жаңа жүзі жылы еді
Сұрлана қалды бұзып ап.

Толық

Мен босқа алпысқа келгем жоқ

  • 0
  • 0

Біреуге бас ұрып, зорсынып,
Біреуге үстемсіп, қорсынып,
Біреуді тең көріп менсініп,
Біреуді өзімнен кемсініп

Толық

Қарап көріңіз