Өлең, жыр, ақындар

Кездесу

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1911
Тамаша күн еді. Ашық күн.
Мен-дағы көзімді ашыппын.
Көремін көңлімнің көгінен
Бәрін де жақын мен қашықтың.
Ырқында жүргенде машықтың
Қорықтым ба тоқтауға, асықтым.
Аңғармай өткенін уақыттың
Аз ғана шаршаппын, жасыппын.
Міне енді, сергілтті ашық күн,
Сеземін жарыққа ғашықпын.
Жанымды жіпсітіп шұғлалар,
Домбыра пернесін басыппын.
Шертемін шешемнің әндерін,
Ұмытып кетіппін өлгенін.
Сезгендей боламын жап-жақын,
Жап-жақын жаныма келгенін.
Не деген лебі оның жылы еді
Есітемін соққанын жүрегі.
Жай ғана сыңсып ол әндетіп,
Ұлының тірлігін тіледі.
Не деген қолы оның жылы еді,
Есітемін соққанын жүрегі. –
Ағарып кетіпті-ау шашың деп,
Сәл ғана жымиып күледі.
Сүйдеді, қатесіз есіттім
Сыңсиды әнін ол бесіктің.
Ілезде сәбиге айналып,
Ілезде қайтадан өсіппін...
Тамаша күн еді, ашық күн.
Мен-дағы көзімді ашыппын.
Көремін көңлімнің көгінен
Бәрін де, жақын мен қашықтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Правдаға

  • 0
  • 1

Мен бала едім тұңғыш сені көргенде,
Тұңғыш рет тіліңді ұға білгенде.
Сен, қаралы көз жасыңмен естірттің
Әкем менің - ұлы Ленин өлгенде.

Толық

Пионер күзетте

  • 0
  • 0

Толқиды егін,
Шалқиды егін,
Көк жиекте –
Жиекте.

Толық

Құйшы, досым

  • 0
  • 0

Құйшы, досым, күтпейікші тамақты,
Тартып - тартып алайықшы шарапты.
Көңліміздің тозаңы бір басылсын,
Көзіміздің кірбеңі бір ашылсын.

Толық

Қарап көріңіз