Өлең, жыр, ақындар

Бар екем

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1221
Апырым-ау, жоқ па, бармын ба,
Соға ма, жоқ па жүрегім?
Жоқ әлде тас боп қалдым ба,
Осы мен, достар, кім едім?
– Тұр енді,- дейді күбірлеп
Жерімнің желпіп самалы,
Көзімнен тұман біріндеп
Серпіліп кейін барады...
Таптым - ау жаңа өзімді,
Таныла берді маңайым.
Ашайын жұмған көзімді,
Кәнеки, қайта қарайын:
Әнеки шаңқан атырап,
Әнеки жасыл жапырақ,
Әнеки жайсаң - жас құрақ,
Мінеки қара топырақ.
Мынау не? Күн ғой баяғы,
Кәдімгі біздің жарық күн.
Басынан асып барады
Алатау деген алыптың.
Әнеки қызыл көбелек,
Жалауын жайды, көтерді.
Мына бір ұшқан ара кеп
Шағып та кетті шекемді.
Апырым-ау, шын ғой бәрі де,
Әлемім жарық, кең екен.
Бар екем, достар, әлі де
Көрерім әлі көп екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытпа, сәулем, сен оны

  • 0
  • 0

Жүзіңнен жуып күлкіңді
Жабады қайғы пердесін.
Жандырып жалын кеудеңді,
Жабырқайсың, сонда сен..,

Толық

Дәужан ойлары

  • 0
  • 0

− Біздің Жәмен пысық қой,
Біздің Жәмен шебер - ау,
Жамағаны жаңадай,
Мұнысы да өнер - ау!

Толық

Зоя

  • 0
  • 0

Көбісі осы жиналғандардың баламыз,
Бұларға біз де әкеміз бүгін, анамыз.
Тірлікте осылар сүйенішіміз, панамыз,
Өлсек те осылар жерлеген жерде қаламыз.

Толық

Қарап көріңіз