Өлең, жыр, ақындар

Қой, жігіт

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1743
Жігітім, туғанда еркек боп
Қуанған шешең де, әкең де.
Бір саған мың бақыт бермек боп
Шыңдардың атын да әперген.
Үйреткен қазақтың тілін де,
Айтсын деп әділдік сөздерін,
Үйреткен қазақтың әнін де
Ашсын деп ғашықтар көздерін.
Отты да әперген көзіңе
Күн дейтін маздаған жалыннан.
Тілемей ештеңе өзіне,
Сен үшін сәждеге табынған.
Ал сен ше, бәрін де ұмыттың,
Оңайдың үстімен жөнелдің.
Көрсетпей қимылын жігіттің,
Деп жүрсін, - кенелдім, көгердім.
Жақсы деп жаманды мақтайсың
Жақсыны шеберсің былғауға.
Қараны аппақ деп ақтайсың,
Жібекті жыртасың шұлғауға.
Қой, жігіт, есіңе ал әкеңді,
Құрмет ет ағарған сақалға.
Ол сені дүниеге әкелді,
Сен оны қабырға апарма.
Сайтан бар азғырғыш адамды
Сенбе оған, аздыртпа жаныңды.
Қой, жігіт, тонауды ағаңды,
Адал же бір үзім наныңды.
***
Осы жігіт айналғалы ініме
Бірде - бір көзім түскен емес мініне.
Күн сайын соғып, көңлімді аулап кететін,
Ұсамас үшін кездейсоқтың біріне.
Ішетін едік татулық пенен достыққа.
Айрылмас үшін бұл жалғанда тіріде.
Өткізіп түндер, таңдарды талай атқызып,
Тоймайтын едім сұңқылдап тұрған үніне.
Домбыраша сырларын әкеп шерткенде
Әсем - ақ еді, көсем - ақ еді тілі де.
Әр сөзімді дұғалықтай ол қайталап,
Он айтатын ұстазым деп күніне...
Сол жігітім жоғала берді алыстап,
Айналып әбден болған соң өзі іріге.
Кездессе енді қол үшін әрең береді,
Бұрқыратып тұрады боран гүрі де.
***
Мен бүгінмін десем де,
Сен кеше деп қоймайсың
Кешегілер мешелге
Айналды деп ойлайсың.
Кім біледі, шырағым,
Кімнің мешел екенін,
Бүгінгінің сұрауын
Кімнің қашан өтерін.
Қиқулайды жас әтеш,
Ac мезгілін білдірген.
Іс мезгілін айтар ма?
Мүмкін айтпас... Кім білген...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұң туралы

  • 0
  • 2

Мұңдымын деп шағынбаймын қашанда,
Қорқам бірақ тіпті мұңсыз жасауға.
Мүмкін бе екен шексіз сүйіп өмірді,
Сол өмірдің мұңдарынан босауға.

Толық

Біз де иеміз басымызды

  • 0
  • 0

Отан еді ең сүйікті анасы,
Отан еді махаббаты, жүрегі.
Сол қасиеті демеп бойын,
Жалтылдатып ұшқыр ойын,

Толық

Келе ғой көктемім

  • 0
  • 1

Келе ғой, көктемім, аңсаған,
Тазартшы, ызғардан аспанды.
Сен ғана әндерді бастаған,
Сен ғана бастаушы дастанды.

Толық

Қарап көріңіз