Өлең, жыр, ақындар

Бір білгір туралы

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1277
«Білемін өзім, өзім де!- »
Дейтұғын әркім кезінде.
Жұмысы жатса тоңазып,
Лапылдар жалын сөзінде.
«Білемін өзім, өзім де.'»
Бітірем бәрін кезінде, -
Деушінің көбі қалатын
Күлкі боп жұрттың көзінде.
Сөзуар жұрттың бағына
Ыр білгір шықты тағы да.
Даналық сөзін талайдың.
Толтырып алған қабына.
Ағылта сөзін бастайды
Алқынып бір де саспайды,
Базарға салған бұйымдай
Ақтарып бәрін тастайды.
Қашпайын десе - қашпайды,
Бастайын десе - бастайды.
Қостайын десе - қостайды,
Өзгенің ойын тоспайды.
Айтатын шығар ол әлі
Қуантар сөзін қауымды,
Ұшатын шығар жоғары
Күтетін шығар дауылды.
Деп талай соқтық алақан,
Менің де қолым ауырды.
Ұшпай-ақ қойды балапан,
Ұшықтап жүріп жауырды.
Білемін деген білместік
Екен ғой желік бір кештік.
Тынарын немен кім білсін,
Әйтеуір соған мінгестік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ремонт

  • 0
  • 0

Батқанша күн,
Атқанша таң,
Сағат та жоқ
Дамылдаған,

Толық

Өзіңнен, өзімнен

  • 0
  • 0

Өзіңнің көңліңдей көресің
Менің де көңлімді.
Өзіңнің пейіліңдей көресің
Менің де пейілімді.

Толық

Арыс құмы

  • 0
  • 0

Бурыл құм бұйраланған Арыс құмы,
Сандықтай текшеленген қызыл шыңы,
Арда өскен ойнақ, салып аңдары бар,
Күңіренткен құм арасын ыңы - жыңы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар