Өлең, жыр, ақындар

Қызығам ба, қызғанам ба...

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1800
Қызығам ба, қызғанам ба білмеймін,
Суретшіні кейде ішімнен күндеймін.
Мен жатқанда көлегейлі күңгіртте,
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің
Ол жүріпті бөктерінде күнгейдің
Ал мен неге сол күнгейде жүрмеймін?
Неге мен де қайыңдарды қуантып
Бұтақтарына алтын жапырақ ілмеймін?
Қайда менің өз көктемім, өз күзім,
Қайда менің көк күмбезім, жұлдызым!
Мен қалайша ұжмақ жерге аспаннан
Түсірмеймін жарқылдаған үр қызын?
Қайда менің бояуларым сиқырлы,
Қандай сайтан кеткен бұзып сиқымды?
Қағыңдаршы құдірет берер дабылды.
Ашыңдаршы ащы айқайлап ұйқымды!
***
Сыңғырлап сынып түсті мөлдір әнім,
Тастамай жинайыншы сынықтарын.
Қайтадан құрастырсам тірілер ме,
Тағыда жұрт аузына ілінер ме?
Керенау, күте білмес хрустальды,
Сиқырлы сақтай алмай дыбыстарды,
Аңсаймын, алаңдаймын, ізденемін...
О, мезгіл, үмітімді үзбе менің.
***
Құмдарында даламның, қырларында
Ұшқыш қыран тынбайды күн барында.
Бұлттан да әрі кетеді кезіп көгін
Елеместен желін де, ызғарын да,
Ұшпай қалса сынғаны қанатының,
Қайта аспанға шыға алмай алар, тыным.
Білмейді енді ол көкте болатынын,
Білмейді тек ұша алмай қалатынын.
Ақынның да мінезі қыранмен тең,
Қажет емес шабыттан оған бөтен.
Отқа күйіп, суыққа мұздамайды,
Жыға алмайды жырларын кек пен қайғы.
Тілсіз қалса сынғаны шабытының,
Естімейміз онда біз шабыт үнін.
Білмейді енді ол жерде не болатынын,
Біледі тек белгісіз қалатынын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтыс

  • 0
  • 1

Taп кеше - біздің елде - сонау Сырда,
Атақты «Бірінші май» колхозында.
Той жасап, жаңа жылды құрметтеген,
Келелі ұлы думан жиынында.

Толық

Римде

  • 0
  • 0

Аспаны қандай, хрустальдай көгілдір,
Жапырақтардың жасылы қолға жұққандай.
Кең алаңда фонтандар меруерт төгіп тұр,
Kөз жасын жердің тереңнен алып шыққандай.

Толық

Уақыт

  • 0
  • 0

Уақыт та судай ағады,
Өтеді дайым сезілмей.
Тек сағат қана соғады
Шыдаған әрең төзімдей...

Толық

Қарап көріңіз