Өлең, жыр, ақындар

Ашу үстінде

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1661
Сендер мені санамаңдар өлгенге,
Айтарсыңдар «өліпті» деп көмгенде,
Айтарсыңдар «жеңілді» деп жеңгенде,
Жеңбейсіңдер, жаным барда кеудемде.
Ақылым жоқ айта қояр сендерге,
Дәлелім көп сендерге де сенбеуге.
Құдай мені жаратқан ғой өлмеуге...
Сендерге де жем болуға көнбеуге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 0
  • 0

Терем деп жырдан жұлдызын,
Үңіле берем тереңге.
Созамын тынбай қолымды,
Жатқандай жақын көрем де.

Толық

Нұртас Оңдасынов

  • 0
  • 0

Пенсияға кетем деп ойламаған, -
Басын іске бағыштап қойған адам.
Басқамызша мақтатып өзін-өзі,
Елу жасын шулатып тойламаған.

Толық

З. С. Кедринаға

  • 0
  • 0

Тап кеше ғана саналушы едік жасқа біз,
Әлі өшкен жоқ қой сондағы біздің басқан із.
Шуылдап келдік сыбаға сұрап өмірден,
Тап болмасақ та дап-дайын тұрған асқа біз.

Толық

Қарап көріңіз