Өлең, жыр, ақындар

Аталар туралы

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 15902
Біреуі мен ем атасын сүйген жастың.
Өмір бойы сені, ата, ұмытпаспын.
Күс-күс қолмен басымнан сипадың да,
Желден ықсам жып-жылы қойныңды аштың,
Көтердің де аталық қолыңменен,
Кеттің алып өзіңнің жолыңменен.
Алғашқы айтқан әніңді маған арнап,
Тыңдай бердім таусылмас сенімменен.
Жалаң аяқ үйреттің қар басуды,
Жыланмен де үйреттің арбасуды,
Ойнап кеттім құйынмен құйын болып,
Қайсарлардан таптым мен жолдасымды.
Жарыстырдың даланың тағысымен,
Алыстырдың дарияның ағысымен,
– Бәрекелде, балам! - деп тұрдың күліп,
Толқындардың жалына жабысып ем.
Қалдырмаушы ең қасыңнан қайда барсаң,
Қуанушы ең отпенен от боп жансам.
– Бәрекелде, балам! - деп тұрушы едің,
Табанымнан тікенді жұлып алсам.
Жақсы атаның атандым немересі,
Өзіме өзіңнен бар тиді үлесім.
Қаршадайдан бастырып көрігіңді,
Жаттаттың қазағыңның шежіресін.
Біреуі мен атасын сүйген жастың,
Өмір бойы мен сені ұмытпаспын.
Әз жолыңа, жан ата, түсіп бүгін,
Немереге өзім де қойнымды аштым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Грузия

  • 0
  • 0

Ұлыңдай жас грузин жайнаң қағып,
Алабын Эльбрус тұр түгел бағып.
Құрбысы Казбек те көтеріңкі
Тоқтаған ащы жасы жатқан ағып.

Толық

Әке жыры

  • 0
  • 0

Көз тоқтатып бірінші рет
Қарады да ұлым маған,
Әнтек қана күлімсіреп,
Созып қалды қолын маған.

Толық

Әбжан Шортанбаев

  • 0
  • 0

Өңі жұқа, қағылез қартайса да,
Қайрат - күші жастағы ортайса да.
Ұзақ ойдан қояды арыла алмай,
Отырса да, жүрсе де, жантайса да.

Толық

Қарап көріңіз