Өлең, жыр, ақындар

Сырдария

  • 23.03.2019
  • 0
  • 2
  • 20652
Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы Рейнесін,
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді.
Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның,
Келді жырлар кезегі.
Келдім бүгін көрдім сені,
Сүйсең міні маңдайым:
Құшағыңда отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын.
Жасарыпсың қадірлі ана
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең дағы жасыңа.
Қарт Днепр, ескі достың
Көремісің айбатын.
Электрі мың моторлы,
Асқан алып қайратын.
Сен де маған, жаным ана,
Днепрдей жарық бер.
Қол жетпеген көк жұлдызын,
Құшағыма алып бер.
Сол кезде де, жаным ана,
Өзіңменен тең болам.
Сырда туған Сырдың ұлы,
Жаңа Гейне мен болам.

1936



Пікірлер (2)

Дәмір

Әбділдә Тәжібаевның Сырдария деген өлеңі ұнады

Ерасыл

Өлең өте жақсы қадірлі өлең екен аналарымызды аялайық біз үшін азаннан кешке дейін жұмыс істеп бізді асырайды

Пікір қалдырыңыз

Екпінділер жыры

  • 0
  • 0

Екпіні емен жыққан дауылдаймыз,
Нөсері топандатқан жауындаймыз.
Тас жарған, шыңды бұзған, тасты айдаған,
Ағындай арна қуған зауылдаймыз.

Толық

Поезда

  • 0
  • 0

Тамаша, жүрдек поезд күші қандай
Мені де болашаққа ұшырғандай.
Қалдырып қарлы тау мен туннельдерді
Әндеткен дөңгелектер зыр жүгірді.

Толық

Сүйінбайдың домбырасы

  • 0
  • 0

Сонау бір қоңыр үйде оқшау тұрған
Сүйінбай жатыр үнсіз, көзін жұмған.
Аузынан қарт ақынның сөз күткендей.
Іргені айналып жүр жел антұрған.

Толық

Қарап көріңіз