Өлең, жыр, ақындар

Хат

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2483
«Хат жазамын қалам тербеп
Құлағың сал, жан аға.
Мен бауырыңның сізден сұрар
Бір тілегі бар, аға.
Тілегімді хатқа сызып,
Білдіруім қиын-ақ,
Екі бетім отыр қызып,
Істегендей бір ұят.
Ұят дерлік ұят та емес,
Жазбақшымын сырымды.
Қиналамын айтуға тек,
Жеткізе алмай тілімді.
«Жас күнімде» жандай көріп
Еркелеттің, жан аға.
Қос бетімнен кезек сүйіп,
Деуші ең «жаным садаға».
Енді бүгін мектеп бітті,
Атандым жас дәрігер,
Жетті қолым бір үмітке
Арта түсіп жас жігер.
Соңғы сөзім, сездіремін,
Жарға шығу ойымды.
Сізден тілек жаңа жылда,
Өткізіңіз тойымды,
Жаңа жылда жеткім келед
Жаңа тұрмыс төріне,
Жаңа жылмен өскім келед
Етуге еңбек еліме.
Сізден тілек, жаным аға,
Тойға даяр болыңыз.
Жаңа жылда бақыт тойын,
Көзіңізбен көріңіз.
Не жазайын тағы басқа,
Бар тілегім осылар,
Жас тілегін хатқа тізген,
Қарындасың - Күлжамал».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келеміз

  • 0
  • 0

Европа оң жақта,
Азия сол жақта,
Ортада біздің кемеміз.
Аспанда күн жүзіп,

Толық

Тағы да «Қайратқа»

  • 0
  • 0

«Қайрат қылмай сен жүрсің,
«Қайратым» деп мен жүрмін.
Жеңілумен сен жүрсің,
Жеңеміз деп мен жүрмін», -

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Ғашықпын әманда, ынтықпын
Көңілінің күні бар адамға.
Қыздырса ол әулетін бір жұрттық.
Жылуы жетпей ме маған да.

Толық

Қарап көріңіз