Өлең, жыр, ақындар

Кедейлік

  • 19.04.2015
  • 2
  • 4
  • 21123
Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың
Маған салса касыма келме жуық.
Жанды жеп сен ғой мені арытатын,
Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын,
Жыртықтан жылтылдаған жас денемді,
Күнге қақтап, аязға қарытатын.
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан, насқа.
Жас көңілді қайғымен уландырып,
Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.
Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.
Маған салса кедейлік аты өшкірді,
Дер едім, тұрмастай ғып жерге көмсін.
Бірақ, сен өлмейсің ғой, жаның берік,
Құтқарсаң, бар әлемді шыны өліп.
Өлмесең де өлтірем өсе келе,
Жүрмеспін жолдас болып саған еріп.
Талайды осы күні-ақ, жүрмін көріп,
Жалқауды қақпалайсын аттай мініп.
Талаптының маңына жоламайсың,
Талаптанып қууға өзімде ерік.



Пікірлер (4)

ТҰРСЫМБАЙ НАЗЫМ

БҰЛ ӨЛЕҢ МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ

****

Не үшін жылана теңеген

Ашулы бека

Мықты

Ғани

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Кедейлік өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Маңайымнан әрмен кет

  • 1
  • 0

Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,

Толық

Нешелер көз жасы төгілді

  • 1
  • 2

Нешелер көз жасы төгілді,
Нешелер қабырғасы сөгілді.
Қанша аянбай талпынсаң да,
Ақырында, тағдырға тез шөгілді.

Толық

Қос үй

  • 1
  • 1

Сырлы үй сегіз қанат қоса тіккен,
Жинапты қазынаны биік жүктен.
Ең арты кесе, аяқ та алтын-күміс,
Таңғалдым: мұнша байлық қалай біткен!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар