Өлең, жыр, ақындар

Батыр шал

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1621
(Баллада)

Иығы түскен,
Қайғы уын ішкен
Түнеріп отыр батыр шал.
Жүрегімен бір
Етеді дір-дір
Жуылған жасқа ақ сақал...
Әлсіреп үні,
Күрмеліп тілі
Алдында жатыр ер ұлан.
Қажып қиналған,
Денесі қан-қан,
Қайтқан екен майданнан.
Семсер шалғанда,
Ұлан талғанда
Құлатпай демеп жан достар.,
Жеткізген екен
Сүйемелдеумен,
Есітіп болды бәрін шал.
Тоқталды дем...
Қарт еңіреумен
Сүйді ұлының аузынан.
«Ризамын, балам,
Ризамын, балам,
Отан үшін бердің жан...
Достар құралды,
Көмді ұланды...
Ат басын бұрды қабырдан.
Майданға бірге
Қалмай кіруге
Жөнелді қарт жаңадан.
Ұлыңдай ұл бар,
Қызыңдай қыз бар,
Қараса оң мен солында.
Сапары шал:
Гвадалахар!
Жалаңаш семсер қолында.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Римде

  • 0
  • 0

Аспаны қандай, хрустальдай көгілдір,
Жапырақтардың жасылы қолға жұққандай.
Кең алаңда фонтандар меруерт төгіп тұр,
Kөз жасын жердің тереңнен алып шыққандай.

Толық

Қыз бен күйші

  • 0
  • 0

Көрген бір айналып қарардай,
Сұлу қыз қылықты ерке еді
Талайлар маңына бара алмай,
Көбінің жанын ол өртеді.

Толық

Қарт ана Мәншүк жайын ойлағанда

  • 0
  • 0

– Тап-таза, мөп-мөлдір... көгілдір
Жан еді-ау жапырақтай көктемгі.
Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,
– Әнсіз бір жарылып кетердей от кеуде.

Толық

Қарап көріңіз