Өлең, жыр, ақындар

Қарағанды шахтерлеріне

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2631
Деген сөз Қазақстан әр қазақты
Мақтантар елдігімен туды уақыты.
Бұл сөзді ар, намыстай ардақтайды
Бар жайлау, бар завод пен барлық шахты.
Неміс те менсінбеген күні кеше,
Селк етіп осы күні «қазақ» десе,
Қалтырап қысық көздер ұшқынынан
Қарайды айналаға дірілдесе.
Оларға мақтанбадық, лепірмедік,
Я бізді тани қой деп өтінбедік,
Беттестік жаяуымен, танкісімен
Келдің деп қапыда сен өкінбедік.
Мәліктер қиын жолды сұрап алып,
Сескенбей сыбап білек тұра қалып,
Танытты қайратын да, айбатын да –
Алысқан неміс мойнын бұрап алып.
Қиынды ермін деме жеңе алмасаң,
Шахтермін деме, көмір бере алмасаң!
Кірлейсің қазақ антын, қазақ даңқын
Бәйге алған озықтарға ере алмасаң.
Жеріңнің асты да бай, үсті де бай,
Кеңдігі сонау бүткіл Европадан.
Болғанмен қандай соғыс міндеттіміз
Жеңуге, әлсіремей, қансырамай.
Жолдастар, босамасын буынған бел,
Алда көп жол соқпағы, асу, белдер.
Бойдағы күш, ойдағы намыспенен
Атағын республика қадірлеңдер!
Әмір сол: шабуылға басады қол,
Батысқа қырғын сала ашады жол.
Сол кезде Қарағанды солдаттары
Ерліктің артында емес, алдында бол!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш өлең

  • 0
  • 0

Тым жас едік ол жылдарда,
Қарады жау біздің жаққа,
Жаудың көзін жаутаңдатты
Жарқыраған алтын қақпа

Толық

Кәдімгі өздеріміз туралы

  • 0
  • 0

Бір өре киізді төсеніп,
Бір өре киізді жамылып,
Жатушы ек жалаңаш жетімдер,
Жаздағы шуақты сағынып.

Толық

Бір драматург туралы

  • 0
  • 0

Ұзақ түнде көп күшенді ісініп,
Пьеса шіркін шыға қоймай, қысылып.
Жамап-жасқап қырық шоқпытты ақыры
Көріп еді театрға ұсынып,

Толық

Қарап көріңіз