Өлең, жыр, ақындар

Жұлдыз-қыз

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3799
Аңыз

I
Ерте кезде, тіпті ертеде...
Бір қыз бопты Шолпан атты.
Ақ жібектен қос қанаты,
Таң алдында ұшады екен,
Бар гүлдерді құшады екен.
Жапырақтарға тіл үйретіп,
Бұлбұлдарға жыр үйретіп
Болған соң,
Барады екен бір көлге
Алтын шашын таратып
Түседі екен Мөлдірге,
Жас денесін бұрын жетіп сүюге
Жел мен толқын жарысып,
Жүгіреді екен сұлуға.

II
Сол Шолпан қыз шыққан судан
Киді ақ көйлек торғын будан;
Алтын шашын күлімдеп тұрып тарады,
Айналаға әндете бір қарады.
Кенеттен сұлу селк етті
Аңдыған патша түн ұзақ:
Алтын тәжі басында,
Қырық, жігіті қасында
Орманнан шыға ат қойды.
Шолпан қызды қапыда ұстап алмақшы,
Қапасқа құсай салмақшы.
Өзі ғана құмартқанда сүймекші!
Көлге, желге, бұлбұл, гүлге,
Жасыл орман, туған жерге.
Қош айтысты Шолпан қыз.
Ұшты көкке: бола қалды бір жұлдыз.

III
Аспанда бар көп жұлдыз,
Ең жарығы Шолпан қыз.
Көкті жарып таң алдында шығады
Сағынып жерге үңіліп,
Бетінде күлкі жүгіріп,
Кірпік қақпай қарайды.
Оянып орман ұйқыдан,
Тіл қатады жапырақтары:
«Шолпан, біздің Шолпан!» деп,
Үн қосады бұлбұл кеп;
Жүгіреді көл бетінде толқын, жел,
Теңселеді теңіздер.
− Ей, Шолпан қыз!
Болма жұлдыз!
Жазаладық патшаны біз
Қорықпа, сұлу, бізге кел!

1946



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Солдат сөйлейді

  • 0
  • 0

– Мен Терешков Владимир - солдатпын,
Еленаның өлді атанған ерімін.
Мен балта өтпес еменмін жапырақты
Жайсаң орман - қайсар орыс жерінің.

Толық

Ремонт

  • 0
  • 0

Батқанша күн,
Атқанша таң,
Сағат та жоқ
Дамылдаған,

Толық

Ақыл

  • 0
  • 0

Жақсының атын біліңіз,
Жақындап бірақ бармаңыз.
Қашықтау одан жүріңіз,
Қызықтырғанға нанбаңыз.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер