Өлең, жыр, ақындар

Шын жүректен

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1922
Болсам да көзге қораш көптің бірі
Шыққанда елеңдеймін топ дүбірі.
Адаммын - еркін ойлы, жарқын жанды
Көңілімнің кемімейтін күйімен жыры.
Мен емес жалған сөйлеп ант беретін,
Арзан бақ, оңай даңққа жалт беретін.
Мені мен мендік дүние мұнарасы:
Серігім - сенімім мен партбилетім.
Адаммын атым үлкен - біледі ішім,
Сол менің мақтанышым, құдірет - күшім.
Білемін кімдер үшін туғанымды,
Білемін өлерімді кімдер үшін!
Жан болып, жарық, танып, кіргелі есім
Көргем жоқ бұл өмірдің күңгірт кешін.
Өсірген өзі Ленин еркіндікте
Түсірмей әзәзілдің көлеңкесін
Жатсам да ұйқы шіркін тербеп мені,
Көрмеймін түсімде де жат дүниені
Көкіректің кең сарайын кірлетпейді
Тауымның тынбай желпіп салқын лебі.
Тұрғанда топырағында өз елімнің,
Түсінем тіліне ағын өзенімнің.
Орманның сырласындай әр жапырағы
Күлкісі, күбірі де береді ұғым.
Өзімдей өскен бірге құрбыларым:
Бірі - әнші, бірі - малшы, бірі - ғалым,
Бақыттың беттерінде нұры ойнайды,
Жалтылдап көздерінде жайнап жалын.
Осылар - батырлары бай еңбектің,
Осылар - сақтаушысы жер мен көктің,
Осылар - жауды еріксіз бас идірген
Сілтенген семсеріндей әділеттің.
Көргенде достарымның келбеттерін
Өмірге құмарлығым артар менің –
Шаттығым, махаббатым жырға айналып,
Ұшады ұясынан өр кеудемнің.
Қиядан көз жіберсем ертеңіме
Боламын айналғандай ертегіге,
Ұрпағым алыстағы тұр шақырып,
Жет ақын! Бірақ, құр қол келдім деме!
Осындай билегенде отты сезім
Жете алмай қиялыма айтар сөзім,
Үңіліп жүрегімнің шыңырауына,
Тек қана түсінемін өзіме өзім.
Жан болып, жарық танып, кіргелі есім,
Өмірдің көргенім жоқ күңгірт кешін.
Өсірген өзі Ленин қасиеттеп,
Түсірмей әзәзілдің көлеңкесін.
Ұшпаймын түн жамылып жарқанаттай,
Жатпаймын жапанда бір сөнген оттай.
Жегемін жетеріме жұрт ұйғарған,
Атылған алысқа арнап снарядтай.

1947



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қойшы

  • 0
  • 0

Қойшылығым есімде жасымдағы,
Кімнің көзі малменен ашылмады.
Көз алдымда - қозының жамырағаны,
Құлағымда у-шу боп маңырағаны.

Толық

Почтальон жыры

  • 0
  • 0

Ұясынан шықты күн,
Мен де шықтым үйімнен.
Күн батқанша түспейді,
Сұр қапшығым иіннен.

Толық

Темірші әні

  • 0
  • 0

Қазанда сарқ-сұрқ қайнайды темір,
Жалаңаш қолмен көсейміз отты.
Темірден қуат алады өмір
Қорлайды жаулар қуаты жоқты.

Толық

Қарап көріңіз