Өлең, жыр, ақындар

Біз де иеміз басымызды

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1375
(Хош дейміз)

Отан еді ең сүйікті анасы,
Отан еді махаббаты, жүрегі.
Сол қасиеті демеп бойын,
Жалтылдатып ұшқыр ойын,
Көтеріп еді биікке.
Көреген еді қырандай,
Өзім деген - өзімшілдік ласты,
Ездіктен қалған мирасты
Сыпырып тастап тозығы жеткен киімдей
Көрсетіп еді адамдықтың мүсінін.
Жарығы мен жылуы бірдей сай келген
Жалын еді лаулаған,
Мың-мың сапты,
Салтанатты, айбатты
Компартия көсемінің бірі еді!
Қимылы да ғасырындай ірі еді.
Коммунизм күзетінде тұр еді,
«Жолдасымыз Жданов!» деуші ек мақтанып,
Сүйткен сабаз мерт болды!
Ол сөнген жоқ жарқ етіп
Ағып түскен жұлдыздай,
Ол сынған жоқ сынығындай
Әлдеқандай шыңдалмаған темірдің,
Ол кәдімгі күн сияқты
Жарқырап, маздай шықты да
Өз көгіне көтеріліп,
Нұрға бөлеп өз әлемін
Күнше батты сәулетті
Кеуде толы сенімімен,
Махаббаты, қуатының шұғыласы
Көк жиекті алауымен күйдірді.
Оның сүйген ақ гүлдері,
Күрең тартты бас иді.
Біз де иеміз басымызды, қош дейміз.
* * *
Жыршымызға, әншімізге серік ед,
Сұлулықтың сарайын
Таза ұстаушы еді әрқашан;
Бояу, сия, пернелерді
Өмірменен үндесуге,
Тілдесуге бастаушы еді,
Ұстазы еді шабыттың,
Сескенбеуді, именбеуді
Бөгделерге бас имеуді,
Арзан даңққа сатылмауды,
Ар, намысты ту орнына ұстауды
Жаттатқан еді ол бізге.
Келіңдер кәні, жыршы менен күйшілер,
Шығайық тағы жоғары!
Ұлы табыт алдында:
Сол айтқандай
Ер өмірді жырлауға,
Көтеруге бар қасиетін аспанға
Серт етелік, жолдастар!

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кезегі күзеттің

  • 0
  • 0

Тірліктің қадырын жас сабаз білген бе,
Нe жетсін жарықта жер басып жүргенге.
Зардабы жазым қып кетпесін дейміз де
Қазір біз қашамыз ащылау тілден де.

Толық

Правдаға

  • 0
  • 1

Мен бала едім тұңғыш сені көргенде,
Тұңғыш рет тіліңді ұға білгенде.
Сен, қаралы көз жасыңмен естірттің
Әкем менің - ұлы Ленин өлгенде.

Толық

Өтірік пе

  • 0
  • 0

Тыпыр-тыпыр дамыл жоқ, бір тынбаймыз,
Кешке жуық шаршаймыз, ыңқылдаймыз.
Ұйықтап тұрсақ тынығып, қылтыңдаймыз,
Сәт жұтсақ ше?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар