Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз достарыма

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 2303
Жұрт едің қандай жүрегің жарқын,
Жер едің қандай осынша биік!
Сенімен дос боп сүйікті халқым,
Төбем бір қалды аспанға тиіп.
Көгіңдей бұлтсыз көңіліңді көрдім,
Көзіңді көрдім шұғылалы күндей.
Ұлыңдай туған еркелей бердім,
Өзімді сенен өзге деп білмей.
Жадымда қалды жатталып сөзің –
Жатсынбай мені бауырым! - дедің
Әкеттім содан өзгеше сезім,
Сақталар оттай жанымда менің.
Ұмытпан кешкі шапағын күннің,
Ұмытпан рақат тауыңның лебін,
Ұмытпан әсем жұлдызды түннің
Қиялдай ғажап шатырлы көгін.

1949



Пікірлер (1)

Нұрзия

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Төрт жолдар

  • 0
  • 0

Ішім пысса кетеді миым қайнап,
Бұл кеселге емім жоқ тапқан ойлап.
Әрең ғана қаламын ұшып кетпей,
Шыдамымды шынжырмен мықтап байлап.

Толық

Бауыржан Момышұлы

  • 0
  • 0

Бүркіттей тағдырда отыр сілкінбеген,
Шал бопты көкірегі күркілдеген.
Айдындай ақ маңдайын әжім торлап,
Көзінің алды да аздап кілкілдеген.

Толық

Пионер күзетте

  • 0
  • 0

Толқиды егін,
Шалқиды егін,
Көк жиекте –
Жиекте.

Толық

Қарап көріңіз