Өлең, жыр, ақындар

Қысылғанда

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1066
Жан едім ойым теңіз, кеудем кемем,
Көңілімнен күй ұшыра беретін ем.
Көгінде туған елдің бұлт боп қайнап,
Күркірей жыр төгуге төнетін ем.
Сол кезде нажағайдай жарқ-жұрқ ойнап
Алдыма ұйқас, ырғақ келетін ең,
Сонда мен жанып жүріп от сөздерге
Жалынды жаңа бір жыр беретін ем.
Апырм - ау сол шабытым қайда кеткен,
Шығады бүгін даусым неге төмен?
Көз бұлдыр, көңіл күңгірт, сезім салғырт
Тартпас деп өлгенімше сенетін ем.
Дәл қазір жылу тұрмас жыртықтаймын,
Қан шықпас кесіп алса көк етімнен.
Мезгілсіз қыранымды қашырып aп,
Қалдым ба жалғыз кәрі төбетіммен.
Қалықтап қайта шабыт оралмаса
Халқыма қараймын мен не бетіммен!

1959



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалған мақтаушыларға

  • 0
  • 0

Апырым-ау, бұл не, мақтау ма,
Сенемін деуге сияр ма?
Тірідей әлде жоқтау ма,
Жоқтауға кісі қияр ма?

Толық

Күлкінің туы құламай

  • 0
  • 0

Күлкі де ортақ ұққанға,
Күлкісіз бізге күн қайда.
Күлімдеп адам шыққанда
Жадырап жаның тұрмай ма.

Толық

Дос портретіне

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоғалттым ба осы адамды,
Өзіммен бір туғандай дос адамды.
Жалаудай жалт-жұлт ойнап тұр еді ғой,
Қалайша көз алдымнан өше қалды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар