Өлең, жыр, ақындар

Ой үстінде

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1066
«Революция не берді маған?» деген
Зор сұрақ міні алдымда тұр көлденең.
Соған жауап беруге жасқанамын
Аз сөзбенен қып-қысқа өлеңіммен.
Егер біреу тауларын барлық жердің
Десе саған безбендеп өлшеп келдім.
Не деп жауап берер ең сол адамға,
Сенер ме едің жоқ әлде сенбес пе едің?
Егер біреу теңізін барлық елдің
Десе саған шелектеп өлшеп келдім.
Не деп жауап берер ең сол суайтқа,
Сенер ме едің, жоқ әлде сенбес не едің?
Мен емес тау безбендеп мақтанатын,
Мінезім бар ондайдан сақтанатын.
Революция шыңына шықтым биік,
Бостандығым болдыртпас ақ канатым.
Жүрегімде лебі бар теңіздердің,
Сыры жатыр сан жылғы көп іздердің.
Кеудем бүгін күй сандық бабындағы
Қоймасындай қызулы лебіздердің.
Октябрьден алғаным - ақындығым,
Қадірлейді сөзімді халқым бүгін.
Туған елге ере алсам арманым не,
Асыл жардың арқама артып жүгін.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәужанның тұңғышы туғанда

  • 0
  • 0

Айы жетті Жамалдың,
Күні жетті Жамалдың.
Атын қойды той жасап
Жаңа туған адамның.

Толық

Осы кім

  • 0
  • 0

Әжептәуір емес пе,
Қараңдаршы түсіне?
Ып-ыңғайлы - ақ кеңеске.
Жанасқыш - ақ кісіге.

Толық

Ана мен бала

  • 0
  • 0

Қасқырдай аласұрған қамаудағы
Жанығып жаудың жаны тұрған шағы.
Сартылдап отты қамшы сойып жонын,
Барады қанға бояп қашқан жолын.

Толық

Қарап көріңіз