Өлең, жыр, ақындар

Осы кім

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 847
Әжептәуір емес пе,
Қараңдаршы түсіне?
Ып-ыңғайлы - ақ кеңеске.
Жанасқыш - ақ кісіге.
Беті жылтыр әдемі,
Көзі қандай мөлдірер.
Қыздан бетер әдебі,
Ағаласа елжірер.
Сөйлеп кетсе сөзуар,
Айтты, бітті. Сендірер.
Бір өзінен табылар
Жүздеп жақсы белгілер.
Құптап қойып сөзіңді
Жарыса бір жорғалар;
Мақтап кеткен кезінде,
Тілінен бал сорғалар.
− Миыңыз бар таусылмас,
Ойыңыз бар сарқылмас.
Талантыңыз теңіздей
Түпсіз терең тартылмас.
Сіз ғанасыз дүниеде
Адамзаттың алыбы;
Сіз тұрғанда күннің де
Керек емес жарығы.
Сәулеңізбен сүрінбей
Айдан кете береміз.
Тереңдерден мүдірмей,
Заулап та өте береміз.
Дей салады қымсынбай:
Өзің ұял - ұялсаң.
Я тыңдай бер қысылмай
Мақтауына сыя алсаң.

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамал

  • 0
  • 0

Қара көз - қазақ қызы аты Жамал,
Өрнектеп кестелейді ақ орамал.
Ой кеткен майдандағы ғашық жарға
Сезбейді тамған жасын орамалға.

Толық

Көрсін ол

  • 0
  • 0

Нәресте талпынып тұрды ғой бесіктен,
Сен оны қайтадан бесікке байлама.
Көрсін ол дүниенің кеңдігін есіктен,
Ұмтылсын еңбектеп жарыққа жайнаған.

Толық

Тынықсын, тимеңдер адамға

  • 0
  • 0

Шаршаған адамның ажарын
Көре алман қиналмай ішімнен.
Тартқанмын өзім де азабын,
Түсінем, бәрін де түсінем.

Толық

Қарап көріңіз